«Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС директорының 2026 жылғы «23» қыркүйектегі № 65-П «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2026 жылғы 12 қазаннан бастап бір ай ішінде «Сейсмологиялық байқаулар және зерттеулер Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СТІТ) жүргізілетін болады.
СТІТ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ ҚР ТЖМ комитеттерінде, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің 2026 жылғы 27 тамыздағы жоспарына сәйкес жүргізілетін болады.
СТІТ мақсаты – Қоғам қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына және іске асырылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ оларды болдырмау және азайту жөніндегі шараларды әзірлеу.
СТІТ шеңберінде талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
· ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
· персоналды басқару;
· сатып алу және қаржы-шаруашылық қызметі;
· ғылыми қызмет.
Осыған байланысты СБЗҰҒО қызметкерлерінен ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын факторлар, қолданыстағы рәсімдердегі кемшіліктер туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі ұсыныстарды ұсынуды сұраймыз.
Ұсынылған ақпарат СТІТ жүргізу шеңберінде қаралатын болады.
Жауапты тұлға: комплаенс-офицер Медеубаев С. Т.
Тел.: 8 747 602 12 38
E-mail: s.medeubaev@seismology.kz
Кабинет: 305