Жаңалықтар. Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы

Жедел ақпарат 04.06

Жетісу облысы (СЖА)

Қазақстан Республикасы ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 4 маусымда Астана уақытымен сағат 21:19-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 316 км қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің координаттары: 44.547° с.е., 80.405° ш.б.

Ошақ тереңдігі – 30 км.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.1.

Магнитудасы MPV – 6,1.

Сезілуі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша):

Есептік қарқындылығы:

  • Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 4 балл, 53 км;
  • Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы – 3 балл, 104 км;
  • Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы – 3 балл, 117 км;
  • Жетісу облысы, Текелі қаласы – 3 балл, 134 км;
  • Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті – 3 балл, 156 км;
  • Жетісу облысы, Талдықорған қаласы – 2 балл, 169 км;
  • Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы – 2 балл, 177 км;
  • Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы – 2 балл, 185 км;
  • Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл, 195 км;
  • Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы – 2 балл, 207 км.

Жетісу облысы ТЖД гарнизонының автотехникасы дереу ғимараттардың алдына шығарылды. ТЖД-ның 101 және 112 желілеріне 30 қоңырау түсті.

Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.

«Қазселденқорғау» ММ ЖАТЭУ гидробекеттерінің бақылаушылары мен «Қазсушар» қызметкерлері гидротехникалық құрылыстарды тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
2026-06-04 21:20