Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 2026 жылғы 25–30 сәуір аралығында Ташкент қаласында өтетін Азия сейсмологиялық комиссиясының 16-шы Бас ассамблеясына (ASC2026) қатысуда.
Ассамблея аясында Орталық мамандары баяндамалар жасап, халықаралық әріптестермен жұмыс кездесулерін өткізуде, сейсмологиялық зерттеулерді дамыту және сейсмикалық тәуекелдерді азайту мәселелеріне ерекше назар аударуда.