Сектордың негізгі мақсаты мен басты іс-қызметі халықаралық және аймақтық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды және құрылымдық бөлімшелерді үйлестіру, халықаралық және өңірлік жобаларда ғылыми зертханаларды құжаттық қамтамасыз ету болып табылады.
Міндеттері:
Іс-қызметінің нәтижелері:
Пекин Ұлттық жер обсерваториясының, ҚХР Геофизика институтының, ҚХР Жер сілкінісі жөніндегі агенттігінің басшылығымен достық қарым-қатынастар орнатылып, дұрыс жолға қойылды. ASC Бас ассамблеясының шақыруы бойынша Сейсмология институты мен «СТӘЭ» ЖШС қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін олардың курстарына қатысып,оқуына келісімдер жасалынды.
Біліктілікті арттыру жөніндегі оқу курстарына қатысу бойынша Сейсмология институты ҚХР Геофизика институты және ҚХР-дағы Пекин Ұлттық жер обсерваториясы үшеуара Ресей Федерациясының Бірыңғай геофизикалық қызметімен бірлескен жұмыс жүргізді.
Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2021 жылы 11-14 мамыр аралығында итальяндық RED институтымен бірлесіп, «Орталық Азия үшін Тәуекелге ұшыраудың бірыңғай өңірлік дерекқорын құру жолында» бірегей семинары қашықтан ұйымдастырылды.
ҚХР ШҰАР жер сілкінісі әкімшілігімен бірлесіп, 2021 жылы 15-16 қыркүйекте Сейсмология институтының аумағында Тянь-Шаньдағы жер сілкіністері бойынша Қытай-Қазақстан 10-шы халықаралық симпозиумы жартылай онлайн форматта ұйымдастырылды.Ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатысуымен өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.
Институттың және сектордың жетекші қызметкерлері 2021 жылы 18-22 қыркүйек аралығында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық сейсмологиялық оқу-жаттығуларына қатысты.
2021 жылы желтоқсанда жер сілкіністерін ерте хабарлау жүйелерін біріктіру бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология институты» ЖШС, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығы, Орталық Азия қолданбалы геоғылымдар институты және «I2NIK» ЖШС төртжақты меморандумға қол қойды.
2022 жылдың сәуір-мамыр айларында сектор қызметкерлері Сейсмология институтының корпоративтік веб-сайтын жаңартуға және оның мазмұнын сайттың айдарларында орналасқан қажетті ақпаратпен (Біз туралы, Жаңалықтар, Іс-қызмет т.б.) және басқа да файлдармен толтыруға қатысты.
Сектордың кадрлық құрамы: