KAZ


RUS

Ғылыми-техникалық және халықаралық жобаларды    басқару секторы (ҒТХЖБ)

      Сектордың негізгі мақсаты мен басты іс-қызметі халықаралық және аймақтық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды және құрылымдық бөлімшелерді үйлестіру, халықаралық және өңірлік жобаларда ғылыми зертханаларды құжаттық қамтамасыз ету болып табылады.

     Міндеттері:

       Іс-қызметінің  нәтижелері:

       Пекин Ұлттық жер обсерваториясының, ҚХР Геофизика институтының, ҚХР Жер сілкінісі жөніндегі агенттігінің басшылығымен достық қарым-қатынастар орнатылып, дұрыс жолға қойылды. ASC  Бас ассамблеясының шақыруы бойынша  Сейсмология институты мен «СТӘЭ» ЖШС қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін олардың курстарына қатысып,оқуына келісімдер жасалынды.

        Біліктілікті арттыру жөніндегі оқу курстарына қатысу бойынша Сейсмология институты  ҚХР Геофизика институты және ҚХР-дағы Пекин Ұлттық жер обсерваториясы үшеуара  Ресей Федерациясының Бірыңғай геофизикалық қызметімен бірлескен жұмыс жүргізді.

      Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2021 жылы 11-14 мамыр аралығында итальяндық RED институтымен бірлесіп, «Орталық Азия үшін Тәуекелге ұшыраудың бірыңғай өңірлік дерекқорын құру жолында» бірегей семинары қашықтан ұйымдастырылды.

     ҚХР ШҰАР жер сілкінісі әкімшілігімен бірлесіп, 2021 жылы 15-16 қыркүйекте Сейсмология институтының аумағында Тянь-Шаньдағы жер сілкіністері бойынша Қытай-Қазақстан 10-шы халықаралық симпозиумы жартылай онлайн форматта ұйымдастырылды.Ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатысуымен өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

    Институттың және сектордың жетекші қызметкерлері 2021 жылы 18-22 қыркүйек аралығында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық сейсмологиялық оқу-жаттығуларына қатысты.

    2021 жылы желтоқсанда жер сілкіністерін ерте хабарлау жүйелерін біріктіру бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология институты» ЖШС, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығы, Орталық Азия қолданбалы геоғылымдар институты және «I2NIK» ЖШС төртжақты меморандумға қол қойды.

    2022 жылдың сәуір-мамыр айларында сектор қызметкерлері Сейсмология институтының корпоративтік веб-сайтын жаңартуға және оның мазмұнын сайттың айдарларында орналасқан қажетті ақпаратпен (Біз туралы, Жаңалықтар, Іс-қызмет  т.б.) және басқа да файлдармен толтыруға қатысты.

 Сектордың кадрлық құрамы:

  1. Ибрагимов Әлібек Раимбекұлы – сектор меңгерушісі
  2. Қайдаулов Сәлімжан Мертайұлы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ЮНЕСКО БЖХИ-ның (МИПО) халықаралық сарапшысы – бас маман
  3. Әбдіхалық Марат Сәрсенұлы, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты – жетекші маман.
  4. Саржанов Сәтбек Асхатұлы – бас маман
  5. Тұрсынбеков Берік Ғабитұлы – бас маман
  6. Дүйсенова Арайлым Несіпбайқызы – маман

Институт Сейсмологии

Кері
байланыс үшін
қоңыраулар


Байланысу

Лого 2

Институт Сейсмологии

Байланыс құралдары


+7 (727) 269 46 14
Адрес: Аль-Фараби, 75А


WhatsApp


Instagram

Қайта қоңырау шалу үшін өтініш қалдырыңыз