ГЕОДИНАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕЙСМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ФИЗИКАСЫ ЗЕРТХАНАСЫ
1998 жылы құрылған, ол сейсмология саласында іргелі зерттеулермен айналысады.
Зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы
Камшат Құдайбергенқызы Қолымбетова
Зертхананың ғылыми жетекшісі геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Курскеев Абдрахман Козлоевич – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы. Қазақстандағы сейсмология институтының және «Республикалық сейсмологиялық бақылаулар және жер сілкінісін болжау жүйесінің» негізін салушылардың бірі. Сейсмология институтының құрметті директоры.
Курскеев Абдрахман Козлоевич қазақстандық сейсмологтар мектебін құрды, 26 ғылым докторлары мен кандидаттарын даярлады. 23 монография мен 450-ден астам мақала жариялады. Ғылыми жаңалықтар авторларының халықаралық қауымдастығы (2011 жылғы 21 қазандағы №418 диплом) Нобель сыйлығының лауреаты Петр Леонидович Капицаға арналған «Ғылыми ашулар» академиясының медалімен марапатталды, сонымен қатар көптеген марапаттарға ие. Оның ішінде 2002 жылы ІІ дәрежелі «Құрмет. Даңқ. Еңбек» Георгий медалімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Зертхана зерттеулерінің негізгі ғылыми бағыттары
Зертхана қызметкерлері төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырады:
(Курскеев А.Қ. — Диплом № 428 21.10.2011 ж.), отандық және шетелдік ғылыми журналдарда тұрақты жарияланады, республикалық және халықаралық симпозиумдар мен конференцияларға, семинарларға қатысады.
Зертхананың кадрлық құрамы:
Курскеев Абдрахман Козлоевич, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі,геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор – бас ғылыми қызметкер
Литовченко Ирина Николаевна – жетекші ғылыми қызметкер
Әміров Нұрқанат Бақытбекұлы — жетекші ғылыми қызметкер
Лютикова Вероника Сергеевна – жоғары санатты инженер