Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты («Сейсмология институты» ЖШС және «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС) іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы жетекші ғылыми ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасындағы сейсмикалық қауіпсіздік, Алматы қ.
1976 жылы Қазақ КСР Үкіметінің қаулысымен және Қазақ КСР Ғылым академиясы Президиумының қаулысымен құрылған. Заңды түрде табиғи апаттар мен басқа да табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қамтитын объективті қауіптерден халықты сенімді қорғауды қамтамасыз ететін сейсмикалық қауіпсіздік кепілдіктерін құру, сондай-ақ ел ішінде жүргізіліп жатқан реформалар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және мемлекеттік құрылыс жоспарлары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің бүкіл жүйесінің негізгі факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтарының үлесіне Алматы, Шығыс Қазақстан Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарын, гидротехникалық құрылыстардың орналасу аудандары мен тау-кен (техногендік сейсмикалық) аумақтарын қамтитын кең ауқымды аумақтар келеді. Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және Алтай тау жоталары алып жатқан аймақтар ең сейсмикалық белсенді болып табылады. Сейсмология институтының (бұдан әрі – Институт, АЖ) құрылуымен бақылау желісін дамыту басталды. Станциялар саны өсті, ал бақыланатын параметрлер саны кеңейді. Сонымен қатар сейсмикалық, геомагниттік, гравиметриялық, геодезиялық, электротеллюрлік және басқа да бақылау түрлері қолға алынды.
Бүгін, 20-шілде күні Сейсмология институты Құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің басшысы Жандос Маратұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын жүйелі орындау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелерімен бірге лаборатория меңгерушілері қатысты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір қызметкердің міндеті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мемлекеттік қызметкерлер алдына сыбайлас жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруға бірқатар міндеттер қойған болатын. Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы корпоративтік мәдениетті қалыптастыру Институттың басты құндылықтарының бірі болып табылады», ¬– деді құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің басшысы Жандос Маратұлы.
Жиын соңында қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалыптастыру елдің өркендеуінің басты кепілі және осы мақсатта мекемелерде әрдайым түсіндіру жұмыстарын жүргізудің керектігін талқылады.
Бүгін 2022 жылдың 10 қазан күні Сейсмология институты ғылыми қызметкерлері мен ресейлік ғалымның қатысуымен баяндамалар тыңдалымы өтті. Жиын барысында РҒА УрО геофизика институтының (Екатеринбург қаласы) Сейсмометрия зертханасының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Михаил Воскресенский өзінің зертханасының ғылыми-зерттеу бағыттары мен жоспарланған жобаларын таныстырып баяндама жасады.
Сондай-ақ, Геодинамикалық және сейсмикалық процестер физикасы зертханасының жоғары санатты инженері Вероника Лютикова «Солтүстік Тянь-Шань сейсмоактивті аймағында және оған іргелес аумақтарда қатты жер сілкіністерін дайындау кезеңіндегі рөлдік белсенділік» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада таңдалған 3 критерий бойынша зерттелетін аймақтың бірнеше жылдардағы үйірлік белсенділігі туралы ақпарат берілді.
Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлар ведомстволары басшыларының өңірлік форумы-кеңесі аясында 4 қазан күні Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Орталық Азия елдерінің апат қаупін азайту бойынша Сендай негіздемелік бағдарламасының ұлттық үйлестірушілері және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен төтенше жағдайлар бойынша өңірлік ғылыми-техникалық кеңестің (РНТС) кеңейтілген отырысы өтті.
Өңірлік форум-кеңес – Орталық Азия елдерінің Төтенше жағдайлар департаменттері басшыларының кездесуі апаттар қаупін азайту, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту және дамыту бойынша тұрақты жұмыс істейтін консультативтік алаң болып табылады. Өңірлік форумға қатысушы елдер қатарында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы мемлекеттері бар.
Алматы қаласында № 199 мектеп-гимназиясының конференц-залында «АМАNАТ» партиясының Бостандық аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті. Жиын барысында аудандық саяси кеңес мүшелері партияның бағдарламасын жүзеге асыруда саяси Платформа жобасын талқылады. Партия мүшелері өз бағдарламаларын кеңінен таныстырып, Бостандық ауданының өзекті мәселелерін шешу жолдарын ұсынды.
Сондай-ақ, кезектен тыс ХХХ конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері сөз етілді. Конференцияның күн тәртібінде делегаттар бірауыздан Сейсмология институтының директоры, партия ұйымының төрағасы Дәулет Сәрсенбаевты «АМАНАТ» партиясы Бостандық аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі етіп сайлады.
28.09.2022 жылы Сейсмология институтында бастауыш партия ұйымының жиыны өтті.
Жиын барысында саяси платформа жобасы бойынша «AMANAT» партияішілік жұмыс процестері мен әдістерін жаңартумен қатар жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
«AMANAT» партиясы — өзгерістер хабаршысы.
Біз бағдарламамызды жаңарттық. Жаңа жас партия кадрлары мемлекет пен қоғамның игілігі үшін белсенді жұмыс істеуде.
Біз партияішілік жұмыс процестері мен әдістерін жаңарту үстіндеміз.
Әсіресе, азаматтық қоғаммен, атқарушы және заң шығарушы билік органдарымен өзара қарым-қатынас орнату аса маңызды.
» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына негіз болған жүйелі реформаларын табысты жүзеге асыруға қолдау білдіруіміз қажет.
Халықпен бірге берік рухқа, биік мақсатқа жету үшін жаңа, әділетті Қазақстан құру біздің басты міндетіміз, — деп атап өтті институт директоры Дәулет Сәрсенбаев.
2022 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті.
Жұмыс сапары барысында Министр қала тұрғындарымен кездесіп, ТЖ туындаған кезде халықты хабардар етуге, ТЖ алдын алу және қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты өзекті сауалдарға жауап берді.
Юрий Ильин атап өткендей, өткен жылы Алматы қаласы мен Алматы облысында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін Сейсмология институты мен Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді. Министрліктің қолдауымен 2023 жылдың соңына дейін осындай 28 станцияны орнату жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмология институты» ЖШС директоры Дәулет Сәрсенбаев Қазақстанның барлық аумағы бойынша мониторингті зерттеу бағыттары және сейсмология институтын дамытудың перспективалық жоспарлары туралы көпшілікке таныстырды.
Министрмен кездесу аясында Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен ТЖМ Мемлекеттік құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланың қауіпсіздігі және азаматтық қорғау жүйесін дамыту перспективалары, қоғам алдында тұрған міндеттерді шешудің жолдарын талқылады.
Бүгін институтта жапондық серіктестермен сейсмикалық оқиғалардың гипоцентрлерін автоматты түрде локализациялау және ерте хабарлау жүйесіне арналған бағдарламалық қамтамасыз ету таныстырылымның онлайн кездесуі өтті. Кездесуге институт басшылығы мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ ChallengeGo және HomeSeismo компаниясы серіктестерінің өкілдері қатысты. Кездесуде қатысушылар екі бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу бойынша ұсынылған жол картасын талқылады.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша 19 қыркүйек күні Мексиканың Тынық мұхиты жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 құрады. Мехико тұрғындары 1985 және 2017 жылдары 19 қыркүйекте болған екі жойқын жер сілкінісінің құрбандарын еске алу кезінде дүмпулер сезілді. Сейсмология институты да өз тарапынан бұл табиғи апатты қадағалау үстінде. Қалай десек те, адам шығыны болғаны өкінішті. Мексика халқының бұрыңғыдай тыныш өміріне тез оралуына тілек білдіреміз! USGS мәліметі бойынша.
Бүгін, 19 қыркүйек күні Сейсмология институтында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауына арналған жиын өтті. Жиынға «АМАNАТ» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері Сергей Пономарев, партия белсендісі Нұрлыбек Мыңжасаров, Ссейсмология интитутының бастауыш партия ұйымының мүшелері мен қызметкерлері қатысты.
Жиында сөз алғандар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауы халыққа, жалпы Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің ықпалын тигізетінін және халықтың әл-ауқатын көтеретін оң өзгерістер әкелетінін атап айтты.
Алматыда Төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Отырысқа Алматы қаласындағы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амриннің төрағалығымен өткен жиында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында 2022-2023 жылдарға арналған қысқы кезеңде өртті болдырмауға, адамдардың улы және табиғи газбен улануының алдын алуға, Алматы қаласы аумағындағы метрополитен станцияларында төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған және қабылданатын шаралар туралы нақты тапсырмалар берілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметі бойынша Алматы облысында жер сілкінісі болды. «ТЖМ «СОМЭ» ЖШС ҚР сейсмикалық станциялар желісі 2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:16-да жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі – Алматыдан шығысқа қарай 145 шақырым жерде Қазақстан аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2. Магнитудасы MPV – 3.4. Эпицентрі 43.24° о.ш. 78.69° в.д. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезімталдық туралы ақпарат жоқ.
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, көрнекті ғалым Курскеев Абдрахман Козлоевичтің 85 жылдық мерейтойы. Оның бүкіл өмірі Қазақстанға лайықты және риясыз қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады. Ғалым Қазақ КСР Ғылым академиясы Сейсмология институтының негізін салушылардың бірі. Оның басшылығымен «Алматы қаласы аумағындағы жер сілкінісін болжаудың және сейсмологиялық бақылаудың Республикалық жүйесі» құрылды.
Ол өзінің ғылымдағы қызмет жолында Геофизикалық өрістер вариациялары зертханасының меңгерушісінен бастап Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының жер туралы ғылымдар бөлімшесінің хатшы-академик дәрежесіне дейін өсу сатыларынан өтті. 1992 жылы профессор, 2002 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі ғылыми атағын алды.
Абдрахман Козлоевичтің еңбек қызметі үкіметтік наградалармен марапатталды. «Еңбек ардагері» медалі, «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төс белгісі, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін төс белгісі, «Құрмет. Даңқ. Еңбек» ІІ дәрежелі георгиев медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» грамотасы, «Парасат» ордені.
Сейсмология институтының ұжымы Курскеев Абдрахман Козлоевичті мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, оған адами бақыт, ұзақ ғұмыр және мол табыстар тілейді!
2022 жылдың 7 қыркүйегінде Сейсмология институтының қызметкерлері Алматы облысының «Тамғалытас» шатқалында орналасқан «Астана – Жартасты қала» полигонындағы «Қазқұтқару – 2022» кешенді-тактикалық оқу-жаттығуына қатысты.
Оқу-жаттығудың мақсаты – еліміздің аймақтарында жедел құтқару жасақтарының кез-келген уақытта дайын болуы, төтенше жағдайлар кезінде адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару кезінде тәсілдерді меңгеру болып табылады.
ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС директоры Дәулет Сәрсенбаев «ХХІ ғасырдың цифрлық сейсмологиясы»тақырыбында баяндама жасады. Баяндама аясында директор халықтың алдында тұрған негізгі сын – қауіптердің болжамдарын ұсынып, сейсмикалық қауіп пен сейсмикалық ықтималдылықты бағалау және күшті жер сілкіністерін болжаудың негізгі ғылыми мәселелерін тұжырымдады.
Сондай-ақ, ол сейсмологиялық бақылаулардағы іргелі және қолданбалы жұмыстардың цифрлық технологияларға жаһандық көшуін және қауіптердің барлық түрлерін бақылау және алдын алу бойынша цифрлық жобаларды зерттеу нәтижелерін атап өтті.
ҒТХЖБ секторының меңгерушісі Әлібек Ибрагимов өз баяндамасында жер сілкінісі, сейсмология ғылымы, сейсмикалық толқындар және сейсмограмма туралы жалпы түсінік берді. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының аумағында атқарылған маңызды жұмыстар мен барлық сезілетін жер сілкіністері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Бұл ретте ол қатысушыларға жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар берді.
ТЖМ мәліметі бойынша, 2 қыркүйекте Қостанай облысында табиғи өрт оқиғасы орын алды. Оттың таралуына жоғары температура мен секундына 20 метрге дейін болған екпінді жел ықпал етті. Бұл өрттің орман алқабының үлкен аумағына таралуына әкелді, сонымен қатар елді мекендерге қауіп төніп, Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды.
Бүгінгі таңда өңірде өрт жағдайы бақылануда. Аманқарағай, Озерное елді мекенде М-36 республикалық трассасының бойында, сондай-ақ орман аймағының 8 учаскесінде Бағаналы ауылы ауданында, Лесное ауылы ауданында, Аманқарағай ауылында өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Баспасөзде жарияланған мамандардың алдын ала болжамына сүйенер болсақ, орманды қайта қалпына келтіруге кем дегенде 5 жыл уақыт кетеді екен. Жанған ағаштардың орынын қайта тазартып, отырғызуға барша ел болып өз үлесімізді қосу әрбір қазақстандықтың борышы.
Қостанай облысындағы қайғылы оқиға кімнің болмасын қабырғасын қайыстырмай қоймады. Тұрғын үйлер, орман мен ауылшаруашылық жерлері отқа оранды. Өкінішке қарай, адам шығыны да тіркелді. Қаза тапқан азаматтың жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Осы орайда, Сейсмология институты қызметкерлері орман өртінен зардап шеккен қостанайлықтарға бір күндік жалақыларын аударып, қолдау көрсетуді басты міндеттерінің бірі деп санайды. «Мұндай қиын сынақтан жұдырықтай жұмылып, бір ел болып өте аламыз. Біз қостанайлықтармен біргеміз!» – деп институт қызметкерлері бірауыздан мақұлдап, қиын жағдайға тап болған отандастарына қолдау көрсетті.
27 тамыз 2022 жылы «Сейсмология институты» ЖШС-де, Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеуге байланысты бекітілген бірлескен жоспарға сәйкес төмендегі іс-шаралар өтті:
1. Сағат 9.00-11.00 сағат аралығында «Сейсмология институты» ЖШС-нің әкімшілік ғимаратының аумағында сенбілік.
2. Сағат 11.00- 13.00 сағат аралығында Үстел теннисінен қызметкерлер арасындағы турнир.
Институт директоры Дәулет Сәрсенбаев Үстел тенисінен өткен турнир нәтижесі бойынша жеңіске жеткен қызметкерлерді марапаттап, грамота мен сыйлықтарды табыс етті. 1-ші орынды құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Айжан Төреханова және 2-ші орынды бухгалтерия бөлімінің қызметкері Әлия Хажиева иеленді.
Бүгін спорт күні қарсаңында ҚР Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Динамо» спорттық кешен стадионында өрт-қолданбалы спортын насихаттау және ТЖД құрылымдық бөлімдер арасындағы өзара ынтымақты нығайту мақсатында қызметкерлер арасында спорттық жарыс өтті. Спорттық іс-шара Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайластырылды.
Сейсмология институты атынан құрылымдық геофизика зертханасының аға ғылыми қызметкері Утеулиев Талғат Сыдықұлы шахмат бойынша қатысып, жүлделі орын алды. Біз адам өмірін құтқаруда маңызды рөл атқаратын жарыста жеңіске жеткен әріптесімізді құттықтаймыз!
ҚР ТЖМ министрі Ю. В. Ильин 2022 жылдың 20 шілдесінде Сейсмология институтына келген сапар барысында халық арасында сейсмобиологияның қызметі жайлы кеңінен ақпарат берудің қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда Алматы болжам полигонының аумағында қызметтік иттердің мінез-құлқы бақыланатын 5 биостационар жұмыс істейді. Бақылауда тұрған жануарлардың табиғаттың тосын жағдайларын алдын ала сезіну әдістері әзірленеді.
Сейсмобиомониторинг деректерін кешенді түсіндіру нәтижелері апта сайын ҚР ТЖМ сейсмология институтының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясының отырысында мәлімделеді.
ҚР ТЖМ Министрінің тапсырмасы бойынша сейсмогеология институтының сейсмогеология зертханасында жүргізіліп отырған әдістемелер негізінде сейсмобиомониторинг саласында ҚР ТЖД кинологиялық қызметінің қызметтік иттерін тарту мәселесі қолға алынуда.
11 тамыз күні «ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ басшысының орынбасары Тимур Габдышев және ҚР ТЖМ сейсмология институты сейсмобиология зертханасының меңгерушісі міндетін атқарушы Наталья Суровцева кездесті. «ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ кинологиялық бөлімінің басшысы Ольга Гуржеева қызметтік иттерді ұстау жағдайы және оларға күтім жасау ерекшеліктерімен таныстырды.
Кездесу барысында қызметтік иттерді визуалды бақылауды енгізу мүмкіндігі туралы мәселелер талқыланды. Жануарлардың ерекше табиғаттың тосын жағдайларын алдын ала сезу мінез-құлқы туралы қажетті деректерді Сейсмология институтының сейсмобиология зертханасына беріп отыруға шешім қабылдады.
Осы уақытқа дейін иттерді бақылаудың бұл әдісі болмағандықтан , қазір сейсмобиология зертханасының қызметкерлері РЖ ҚЖ кинологиялық қызметінің қызметтік иттерін эксперименттік бақылау бойынша нұсқаулық әзірлеуде.
Бүгін 10 тамыз күні Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Абай — дана, Абай — дара қазақта» атты өлең оқу сайысы өтті. Қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ұйымдастырылды. Сайыстың негізгі мақсаты — Ұлы Абайдың өнегелі ғұмыры мен мол ғибратын жастар арасында насихаттау. Жиында сөз алған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Мұрат Мырзахметов Абай ілімін қазіргі қазақ қоғамында ұрпақ тәрбиесімен сабақтастыра білсек адами, рухани құндылықтарымыз арта түсер еді.
Сайысқа «Сейсмология институты» ЖШС-нің қызметкерлері ақпараттық технологиялар зертханасының жоғары санатты инженері Джанзаков Руслан, кадр бөлімінің бас маманы
Туреханова Айжан қатысты.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі ҚР ТЖМ) бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты 2022 жылғы 16-18 маусым аралығында , Төтенше жағдайлар және зілзала қаупін азайту орталығының базасында Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының аумағында жер сілкінісін болжау және сейсмикалық қауіпті бағалаудың заманауи әдістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
Конференцияның негізгі мақсаты ғалымдарға, мамандарға төтенше жағдайлар ұйымдары мен жедел іс-әрекет ету бөлімшелерімен тығыз байланыс орнатуға,өзара тәжірибе,ғылыми-техникалық және коммерциялық ақпарат алмасуға,Сейсмология институтында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерді кеңінен насихаттауға, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және нығайтуға көмектесу болды.Сондай-ақ ғылыми зерттеулер деңгейін көтеру және жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми көкжиегін кеңейту де басты назарға алынды. Конференция жұмысы үш секциялық бағытта жүргізілді: сейсмикалық қауіпті бағалаудың жаңа әдістері, сейсмикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау және жер сілкінісін болжау, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін бағалау (сертификаттау) және нысандарды сейсмикалық жағынан беріктігін нығайту.
ТМД және алыс шетелдердің 100-ден астам өкілдерінің қатысуы конференцияға жоғары халықаралық мәртебе берді.Қытай, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстан және Жапониядан келген отандық және шетелдік ғалымдар сейсмикалық қауіпті бағалаудың әртүрлі аспектілерін және сейсмикалық қауіп, ғимараттарды, құрылыстарды және халықты ықтимал жойқын жер сілкіністерінің әсерінен қорғау, геодинамикалық және сейсмикалық процестердің физикасы, жер сілкінісін болжау, жойқын жер сілкіністерін ерте хабарлау жүйесін құру мәселелерін талқылап,ой бөлісті.
Конференция өз жұмысын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі, техника ғылымдарының докторы М.Қ. Пшембаевтың және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті бастығының орынбасары А.С.Мырзабаевтың құттықтау сөзімен бастады.Бұдан кейін сөз алған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институтының директоры Д.Ә.Сәрсенбаев осы саладағы ғалымдар мен мамандарының мұндай бас қосуының зілзаланың алдын алу,одан келетін шығындарды азайту, сейсмикалық қауіпті алдын ала болжау жөніндегі басқа да санқырлы түйіткілді мәселелерді өзара ақылдаса отырып ортақ ойларын ортаға салудың пайдасы зор екенін,сондықтан осындай ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізіп отырудың қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.Жан жақтан келген қонақтар мен қатысушыларға еңбекте табыс тілеп,шын ықылас сезімі мен алғысын жеткізді.
Конференцияда сейсмология саласындағы қордаланған мәселелер бойынша 4 пленарлық, 40 тақырыптық және 19 постерлік баяндамалар ұсынылды. Ғылыми баяндамалар қызықты, пайдалы әрі мазмұнды болды және іс-шара қонақтары мен спикерлерінің шынайы қызығушылығын тудырды. Конференцияға қатысушылар осы терең ғылыми баяндамалардан көптеген бірегей ақпараттар мен тың идеялар алды.
Конференция өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Модераторлар барлығына он-лайн режимінде баяндамалар мен пікірталастарға қолжетімділікті қамтамасыз етті.Бұл әртүрлі елдерден келген ғалымдар мен мамандарына сейсмикалық қауіпті, сейсмикалық қауіпті бағалау, ғимараттарды, құрылыстарды және халықты жойқын жер сілкінісінен қорғау, жер сілкіністерінің пайда болу механизмдері және оларды болжау әдістері төңірегіндегі өзекті мәселелер бойынша зерттеулердің нәтижелерімен және тың идеялармен өзара жақын танысуына әрі пікір алмасуына мүмкіндік берді.
Конференцияға келіп түскен баяндамалардың материалдары ғылыми жинақта жарияланады. Конференцияға қатысушылар қорытынды резолюция қабылдады.
Ұйымдастырушылар конференцияға қатысушыларға барынша қолайлы жағдай жасауға тырысты. Үшінші күні конференцияға қатысушылар мен қонақтар Алматы қаласының көрікті жерлерімен танысты, «Медеу» сейсмикалық станса-обсерваториясын және таңғажайып табиғат көріністері сырттан келгендерді қызықтырып,тамсандыратын,саф ауасы тынысыңды бірден ашатын қарлы Алатау өңірін, Үлкен Алматы көлін тамашалады.
Сейсмология институтының Баспасөз қызметі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 31 мамырдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстанның бірқатар ғалымдарын ордендермен, соның ішінде «Парасат» орденімен марапаттады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі және ғылыми қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институтының Құрметті ғылыми қызметкері,академик Абдрахман Козлоевич Курскеевті осынау үлкен награда — «Парасат» орденімен марапатталуымен ұжымның барша ұжымы шын жүректен құттықтайды.
А.К. Курскеев – Қазақ КСР Ғылым академиясы Сейсмология институтының негізін қалаушылардың бірі. 1976 жылдан геофизикалық өрістердің вариациялары зертханасының меңгерушісі, ал 1978 жылы «Қазақстан аумағындағы жер қыртысының петрофизикасы» деген тақырыпта докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады. Бұл әдістемелік оқу құралы ретінде пайдалануға болатын үлкен еңбек. 1989 жылдан 2011 жылға дейін институт директоры қызметін атқарды және оның материалдық-техникалық жағынан нығаюына үлкен мән берді. Осылайша сейсмология институтының білікті кадлар құрамын жасақтап, халықты зілзала қаупінен сақтандыру бағытындағы ұжымның ғылыми ізденісті жұмыстарын шығармашылықпен дамытуына талап пен талғамды күшейтті. Осының нәтижесінде ғалым-ұстаздың ізбасар шәкірттері өсіп, жетілді. Олардың бірқатары бүгінде жемісті еңбек етуде. А.К. Курскеевке 1992 жылы профессор атағы берілді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі, 1999-2002 ж.ж. Қазақстан Республикасы ҰҒА Жер туралы ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы болды. 2011 жылдан осы күні кешеге дейін Геодинамикалық және сейсмикалық процестер физикасы зертханасының меңгерушісі ретінде ұжымды жақсы істерге жұмылдыра білді. Бүгінде еліне елеулі еңбегімен танылған ғалым зертхананың Құрметті ғылыми қызметкері ғана емес, сонымен қатар, бойына жинақтаған мол тәжірибесін жастарға үйретуден жалықпайтын тәлімгер.
Осы жылдың 7-ші маусым күні сағат 12:55-те Сейсмология институтының аумағында институт қызметкерлері мен әкімшілігін жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мақсатында жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығу өтті. Сейсмикалық жаттығу барысында институт бекітілген жоспарға сәйкес эвакуациялық жұмыстарды жүргізіп, бейбіт уақыттағы азаматтық қорғаныс жоспарының нақтылығына және жер сілкінісі кезінде институт басшылығының іс-шаралардың тиісті түрде орындалатынына көз жеткізді.
Үстіміздегі жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмология институты» ЖШС-де «Күн белсенділігінің ұзақ мерзімді ауытқулары, жер қыртысының сейсмотектоникалық деформациясының параметрлерІ және Солтүстік Тянь-Шаньдағы күшті жер сілкінісінің жиілігі» тақырыбында ғылыми семинар болып өтті. Онда институт ғалымдары А.Б.Садыкова, Г.Я.Хачикян, Н.Н. Полешко баяндама жасады.
Бүгін, 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде.
1992 жылы 4 маусымда тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн еліміздің тарихында Мемлекеттік рәміздердің қалыптасу күні ретінде мәңгі қалады. Мемлекеттік рәміздер (Ту, Елтаңба және Әнұран) кез келген мемлекеттің негізінің бірі болып табылады.
Сейсмология институтының ұжымы баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтайды, өйткені бұл – ұлт бірлігінің, ел тәуелсіздігінің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттаудың мерекесі.
Осы жарқын, мерекелі күні Сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік пен мейірімділік тілейміз! Отанымыз – Қазақстанымыз өркендеп, Тәуелсіздік туы биікте желбірей берсін!
Бүгін, яғни 2 маусым 2022 жылы Сейсмология институының акті залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұров Қанат Ильич және журналист Понамарев Сергей Михаиловичпен Қазақстан Республикасының Перзидентінің Конституциялық реформаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Кездесуге Сейсмология институтының және сейсмологиялық эксперименттік әдістемелік экспедиция жауапкешілігі шектеулі серіктестіктерінің қызметкерлері қатысты.
Кездесуді Институт директоры Сарсенбаев Даулет Абдужанович ашып, бүгінгі жиынның тақырыбы өте өзекті, алдағы референдумның бүкіл Қазақстан халқы үшін маңызы жоғары екендігін және Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер жарқын болашағымзыдың бастауы екенін атап өтті.
Парламент Мәжілісінің депутаты Нұров Қанат Ильич Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің алғашқы күндерінен бастап қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін белсенді түрде ілгерілетуде екенін, халықтың конституциялық өзгерістерді республикалық референдум арқылы қабылдауы одан әрі реформалардың тұрақты бағытын айқындап, азаматтық жауапкершілікті арттыратынын, Референдум – азаматтардың еркін білдірудің, олардың мемлекеттік басқаруға тікелей қатысуының маңызды нысаны болатынын және бұл күрделі өзгерістер қоғамдық қатынастардың барлық аспектілеріне әсер ететіндігіне баяндады.
Сондай-ақ, атақты журналист Понамарев Сергей Михаиловичпен Жумабаев Бақытбек Әшімұлы қазіргі таңда еліміз жүріп жатқан бұл тарихи кезең біздің эволюциялық дамуымыз бен азаматтардың саяси өзіндік сана-сезімін арттыру көптеген шешімдерді Парламент арқылы емес, жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылдай алатын деңгейге жеткенін, баса назар аударды.
Бүгін 1-ші маусым «Сейсмология институты» өз қызметкерлерінің балаларын ең тамаша, жарқын және мейірімді мереке «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесімен құттықтады. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен балаларымыздың ең жақсы суретіне байқау ұйымдастырылып, ол байқауға тек балалар ғана емес, қызметкерлеріміздің немерелері де қатысып, үздік жұмыстар Департамент бастығы Р.Қасыбаевтың атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Институт директоры Сәрсенбаев Дәулет Әбдужанұлы байқау жеңімпаздарын және олардың ата-аналарын жеке құттықтап, мақтау қағаздарын, сондай-ақ кішкентай және дарынды балаларға естелік сыйлықтар табыс етті.
Әлемдегі барлық балалардың денсаулықтары мықты және бақытты болсын!
2022 жылдың 16-18 мамыры аралығында Алматыда Сейсмология институты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментімен бірлесіп «Қазақстан Республикасы аумағындағы сейсмикалық қауіпті бағалаудың және жер сілкінісін болжаудың заманауи әдістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетінін хабарлайды.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ:
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
Телефон: +7 (707) 049 60 95 — Есенжігітова Елизавета Жакуповна
E-mail: seismo_workshopkz2022@mail.ru
Өтетін орны – ҚР, Алматы қ., Амангелді, 73
Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығы.
Жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын (орыс тілінен ағылшын тіліне дәйекті аударма ұсынылады).
Пішім: онлайн (Zoom платформасы арқылы), офлайн.
Сайттағы хабарландыру: https://seismology.kz/
Қатысуға өтінім формасының жылдам сілтемесі (сілтемені көшіріп, браузерге қойыңыз немесе меңзерді QR үстіне апарыңыз):
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdArn_0LnaTiDe69gtw2dXtSenubnSaCGySq1HhstulHSrftQ/viewform?usp=sf_link
Биылғы 20 мамырда Сейсмология институты басшылығының ұйғарымымен институттың ардагер ғалымдары Абдрахман Козлоевич Курскеев, Абдулазиз Умарович Абдуллаев, Алла Байсымаққызы Садықова, Белла Зияевна Серазетдинова, Олег Михайлович Белослюдцев, Людмила Тихоновнаға құрмет көрсетілді.Бұл жиынға институт ұжымы түгел қатысты.Жиында құттықтау сөз сөйлеген институт директоры Дәулет Әбдужанұлы Сәрсенбаев ғылым жолындағы өздерінің ізбасарлары –жас мамандарды еңбекке баулып,Отанын,елін,жерін сүйетін патриоттық сезімді жастардың бойына қалыптастыруда ардагерлердің және аға буын өкілдерінің сіңірген өлшеусіз еңбегін баса атап өтті.
Директор сөзінің соңында ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Юрий Викторович Ильиннің Алғыс хаттарын табыстап,ардагерлердің иығына қазақи дәстүрмен шапан жапты.Өз кезегінде сөз алған ардагер ғалымдар А.Курскеев,А. Абдуллаев,Б.Саразетдинова еңбектерін ескеріп, құрмет көрсеткен институт басшылығына алғыстарын айтып, инстуттың тарихы,оның қалыптасуы жөнінде және өздерінің еңбек жолдары жайлы аз-кем ой бөлісті.
Қымбатты әріптестер! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман,жұртымыз тыныш болып,барлықтарыңызға зор денсаулық,бақ-береке,игі істеріңізге мол табыс,сүйікті Қазақстанымызға — Жаңа Қазақстанды құруға адал еңбекпен атсалысып,келешек-болашағымызға мол сенімділік тілеймін!
Дәулет Сәрсенбаев
ҚЫМБАТТЫ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді – 9 Мамыр-Ұлы Жеңіс күніменімен шын жүректен құттықтаймын!
9 Мамыр – бәріміз үшін ерекше, ең жарқын, салтанатты және шын мәнінде жалпыхалықтық мереке.
Елімізді жаудан қорғауда қан майданға қатысқан жауынгерлер мен Жеңіс күнін жақындатқан тыл еңбеккерлеріне табандылығы мен ерлігі үшін — мың тағзым!Жеңісті күндер жадымыздан өшпесін!Елдің шетін жау алмасын,елдің ішін дау алмасын!
Дәулет Сәрсенбаев
Батырларға мың тағзым!
9-Мамыр–бейбітшілікті сүйер күллі адамзат баласының тарихында ең айтулы мерекелердің бірі!
1941-1945 жылдар аралығында 1418 күнге созылған екінші дүниежүзілік ҰОС-ы адамзат атаулыға үлкен қайғы-қасірет әкелгені белгілі.Кейбір мәліметтерге қарағанда,бұрындары айтылып келгендей,20 миллион емес,60 миллиондай адам бұл қанды шайқастарда құрбан болды деген деректер де соңғы жылдары жиі айтылып жүр.Опасыздықпен шабуыл жасаған неміс басқыншыларынан сол кездегі одақ құрамында бір тұтас елімізді жаудан қорғауға Қазақстаннан 1мил.360 мың адам аттанса,соның тең жартысынан астамы туған еліне,отбасы ошағына оралмады.Бірі әкесінен,бірі жарынан,бірі баласынан айырылды.Оқ тиіп,жарақат алып,мүгедек болып оралған қаншама майдангер жар сүйіп,бала қызығын көре алмады…
ҰОС-ында 500 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атаса,соның 100-ден астамы — қазақтар!Қазақстандықтар жаумен ерлікпен шайқасты.
ҰОС-на ең соңғы аттанғандар – 1925 жылы туылғандар еді.Бүгінде ардагер майдангерлердің қатары мүлдем аз,санаулы-ақ қалды.Елін қорғаған батырларға мың тағзым!Оларға қашанда құрмет көрсетуіміз қажет.
7-Мамыр –Отан қорғаушылар күні!Баршамызға бұл мерекеміз де құтты болсын!
9-Мамыр, мереке күні қарсаңында,5 мамырда,ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институтының директоры Д.Ә.Сәрсенбаевтың ұйғаруымен «Аманат» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында оның осындағы бастауыш партия ұйымы хатшысы Шәрбану Тұяқова мен институттың ғылыми қызметкері Күләнда Әбілқызы Төреқұлова ҰОС ардагері Виктор Трофимович Полынько мен Ауған соғысының ардагері Қанат Назарұлы Езмахуновтың үйлеріне барып, Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.Оларға гүл шоқтарымен қоса,сыйлықтар тапсырып,бір мезгілдік ақшалай көмек көрсетілді.
Ардагерлер институт басшылығына алғыстарын айтып,бақытты ғұмыр кешіп,еңбекте табыстарға жете берулерімізге игі тілектерін жеткізді.