«Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігі» зертханасы

     

 

 

Зертхана меңгерушісі – 

техника ғылымдарының магистрі Әділхан Б.Н.

 

 

 

Зертхана 2008 жылы жер сілкінісіне төзімді құрылыс саласындағы жұмыстарды үйлестіру мақсатында құрылған.Елді мекендердің, жергілікті аумақтардың, әртүрлі нысандардың, соның ішінде стратегиялық нысандардың құрылыс алаңдарының сейсмикалық қауіптілігін және оны  бағалау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.Сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін бағалау және оларды сертификаттау жұмыстарын жүзеге асырады.

Зертханалық қызметтер:

I – Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауiптi аймақтарында орналасқан елдi мекендер үшiн сейсмикалық қауiптi бағалау (инженерлік және әлеуметтiк);

II – Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан елді мекендер үшін сейсмикалық қауіп карталарын әзірлеу;

III – жер сілкінісінің салдарын бағалау үшін аумақтарды макросейсмикалық зерттеу;

IV – жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейдегі нысандарындағы ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық жағынан сараптау, сондай-ақ сараптамалық қорытындымен ғимараттарды паспорттау бойынша жұмыстар  жүргізіледі (қажет болған жағдайда конструкцияның беріктігін бағалау бойынша инженерлік жұмыстар,  бұзылмайтын әдістерді қолданатын материалдар және сейсмикалық әсерлерді жобалауға арналған ғимараттардың сенімділігін есептеу және аналитикалық тексеру жүргізіледі.).

Соңғы жылдары жоғарыда аталған бағытта  жүргізілген жұмыстар бойынша кейбір нысандар тізбесі:

  • — ЖЭО-1 нысандарын сейсмикалық төзімділікке тексеру;
  • — Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының үш нысанының сейсмикалық төзімділігін тексеру, оның ішінде оларды сейсмикалық жағынан күшейту бойынша ұсыныстары бар қорытынды беру;
  • – «ӨзенМұнайГаз» ААҚ мұнай-газ кен орындарының сейсмикалық қауіптілігін бағалау;
  • — «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ нысандарын сейсмикалық төзімділікке тексеру және паспорттау;
  • — АЭС, Өскемен ГЭС –ы мен  Қапшағай ГЭС-ы құрылыс құрылымдарының техникалық жай-күйі мен сейсмикалық төзімділігін бағалау жөніндегі    зерттеу;
  • — Әлеуметтік бағыттағы мәдениет нысандары — мектептер, ауруханалар, балабақшалар, т.б.
  • – Тараз қаласында орналасқан өндірістік ғимараттың тұрақтылығы мен сенімділігіне техникалық сараптама жүргізу бойынша жұмыстар;
  • — Алматы облысы, Талғар ауданы, Өстемір ауылы, Нұра ауылдық округі мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйді тексеру.
  • – Алматы облысы, Талғар ауданы, Байбұлақ ауылындағы «ҚазҰАЗУ» ҒБО оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағындағы «Ақылды жылыжай» нысанын тексеру.

        Зертхана шетел институттарымен ынтымақтастық байланыста, халықаралық оқу бағдарламаларына қатысады және JICA (Жапония),сондай-ақ,  Жер жөніндегі  Германия  геоғылыми—зерттеу орталығымен (GFZ, Потсдам қаласы ) және  Қытай Халық Республикасы  СҰАР Жер сілкінісі жөніндегі әкімшілігімен, сонымен қатар , Ресей Федерациясы  мен  Қырғыз Республикасының мамандандырылған мекемелерімен   бірлесіп, сейсмикалық қауіп пен тәуекелді бағалау саласында зерттеулер жүргізеді.

  Кадрлар құрамы

 Зертхана меңгерушісі – техника ғылымдарының магистрі Әділхан Б.Н.

АҒҚ — Сартаев Д.Т.

ҒҚ– Турашева Ж.Е.

ҒҚ – Төреқұлова Қ.А.

Ж/с  инженер  — Тұяқова Ш.О.

       Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық байқау бойынша  аттестатталған  сарапшылардың саны – 3 қызметкер;

      Қала құрылысы, жоба алдындағы және жобалау-сметалық  құжаттаманың сараптамасын жүзеге асыру бойынша аттестатталған сарапшылардың саны —  конструктивті бөлім бойынша – 1 қызметкер.

      Зертхана қызметкерлерінің сейсмикалық қауіпті бағалауға арналған халықаралық GFZ   (Германия, 2009 ж.), Жапония Жалықаралық сейсмология және жер сілкінісі инженерия институтының сейсмикалық құрылыс және сейсмикалық қауіпті бағалау бойынша бір жылдық тұрақты курсын аяқтағаны туралы (1999 ж.) сертификаттары  бар. JICA (Жапония ) техникалық қолдауымен жүзеге асырылатын Алматы қаласы әкімдігінің және Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерімен және ҚазҒЗҚСИ -мен бірлесіп «Алматы қаласы аумағының сейсмикалық қауіптілігін бағалау» ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының «Тәуекелдерді бағалау, табиғи апаттардың алдын алу және жою бойынша ұлттық әлеуетті күшейту» жобасының Ведомствоаралық сарапшылық тобының, сондай-ақ ЮНЕСКО- IPPRED  жұмыстарына белсене қатысуда.

       2010 жылдан бастап зертхана қызметкерлері Германияның геоғылымдар зерттеу орталығымен (GFZ, Потсдам) және Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) тиісті келісімдер негізінде сейсмикалық қауіпті бағалау бойынша әртүрлі оқу курстарынан өтті.

Институт Сейсмологии

Кері
байланыс үшін
қоңыраулар

Лого 2

Институт Сейсмологии

Байланыс құралдары

Адрес: Аль-Фараби, 75А

Қайта қоңырау шалу үшін өтініш қалдырыңыз