Техногендік сейсмикалық зертхана

 

 

Зертхана меңгерушісі  –

PhD  Құлбекова Шолпан Әбдіжапбарқызы

 

 

 

 

 

2000 жылы құрылған

Негізгі атқаратын міндеттері:

1) Мұнай және газ кен орындарының, қатты пайдалы қазбалардың, гидротехникалық құрылыстардың, көшкін аумақтарының, жерасты қазбаларының, метрополитендердің және т.б. нысандардың институт  және өзге де ұйымдар зерттейтін мониторингін жүргізу (далалық жұмыстар, белгілі жердегі   барлау маршруттарын зерттеу – нысандардың  топографиялық орналасуы, олардың жағдайы, сұраныстың перспективалық көлемдерін анықтау, ретросейсмикалық және т.б.);

2) бюджеттік құжаттаманың сейсмологиялық мониторингінің жобаларын, есептерін жасау және оларды Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен келісу;

3) Техногендік жер сілкіністері көздерінің параметрлерін (гипоорталық координаттары, әсер ету уақыты және энергетикалық сипаттамалары) анықтауға бағытталған сейсмологиялық жұмыстарды практикада жүзеге асыруды оңтайландыру бойынша әдістемелік және технологиялық ұстанымдарды әзірлеу – лицензияланған,институтта  компьютерлік – бағдарламалық және талдау  базасы бар;

4) Техногендік сейсмикалық параметрлерді есептеу;

5) Нысандарда  сараптамалар жүргізіп,қорытындылар жасау;

6) Мониторинг бағдарламаларын және өнім сапасын бақылауды жүзеге асыру;

7) техногендік жер сілкінісінің қаупін бағалау кезінде техникалық-экономикалық негіздемелерді және есептеулерді жүзеге асыру;

8) Институт зертханалары жүргізетін жұмыстардың цифрлық картографиясы және компьютерлік графикасы;

9) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылар мен ғылыми-бiлiм беру ұйымдары мен мекемелерi үшiн техногендiк сейсмикалықтың практикалық қолданбалы және ғылыми-технологиялық мiндеттерiн шешу негiзiнде практикалар жүргiзу және мамандарды даярлау.

10) рейтингі жоғары, танымал халықаралық журналдарда, сондай-ақ, Ресейдің, Қазақстанның және басқа елдердің мерзімді басылымдарында ғылыми мақалаларды жариялау.

Кадрлар құрамы:

 Зертхана меңгерушісі  – PhD  Құлбекова Ш.А.

ЖҒҚ — Ph.D.г.-м.ғ.к. Антипов С.М.

АҒҚ — Сәлменов Е.З.

АҒҚ — Нұржұмаев Н.О.

КҒҚ- Әміржанов Р.Р.

КҒҚ — Уальшина С.К.

Ж/с инженер  — Әбдіғазиев А.А.

 Ж/с инженер  — Савельева Р.П.

1/с инженер – Гумаров Е.Б.

1/с инженер — Ақжалов Ж.Б.

Жетістіктер мен нәтижелер

Қолданбалы зерттеулер саласында:

  1. Техногендік сейсмикалық зертханасы 2015-2018 ж.ж кешенді геодинамикалық мониторинг жүргізу және Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын игерумен байланысты сейсмикалық және деформациялық процестердің қауіптілігін бағалау бағдарламасын іске асыру бойынша авторлық қадағалау жұмыстарын жүргізді. (1-7-сурет)
  2. 2018-2020 жылдарға арналған «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы сейсмикалық қауіпті аймақтарды зерттеу және күшті жер сілкінісінің алдын алу жүйесінің негізін құру» ғылыми-техникалық бағдарламасына сәйкес,техногендік сейсмикалық зертхана деректерді қабылдау және өңдеу серверіне деректерді беру арқылы GeoSIG (Швейцария) компаниясы шығарған 9 GMSPlus станциясын  орнатылып, іске қосты.Сейсмология институтының ерте хабарлау жүйесі Алматы қаласының ТЖД ескерту жүйесіне Darmen мобильді қосымшасы арқылы біріктірілген, барлық процедуралар – сигналды тіркеу, жер сілкінісі ошағын   іздеу және оны өңдеу, хабарлама жіберу  орталық SRP серверіндегі оператордың еш қатысуынсыз бірнеше секунд ішінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Жергілікті жер сілкінісінің 6,2 магнитудасы шегінен асқанда автоматты түрде хабарлама жасалады, ол дереу Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің  хабарлау жүйесі мен «Darmen» мобильді қосымшасына жіберіледі.
  3. 2021-2023 жылдарға арналған «Қазақстанның облыстары мен қалалары аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік негізде бағалау» ғылыми-техникалық бағдарламасына сәйкес, 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында инженерлік-геофизикалық жұмыстар басталды.Оның нәтижесі MSK-64 шкаласы бойынша  макросейсмикалық  баллдар  бойынша Өскемен қаласын сейсмикалық микроаймақтандыру картасы болуы тиіс. Соның негізінде жергілікті инженерлік-геологиялық  және сейсмикалық жағдайларды ескере отырып, Өскеменде құрылыс жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар әзірлеуге болады. Сондай-ақ, эксперименттік мәліметтер  базасын жинау және жергілікті сейсмикалық режимді зерттеу үшін 2021 жылы Өскемен қаласында бес акселерометр – күшті қозғалыс датчигі ETNA-2 Kinemetrics, Шығыс Қазақстан облысында алдын ала таңдап алынған жерлерде –  Қарауыл, Путинцево, Урыл, Мариногорка, Бестерек кентінде және   кең жолақты бес  Guralp CMG-6TD  сейсмометрлері орнатылып, іске қосылды. (7-16 сурет)
  4. Зертхана қызметкерлері халықаралық семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысады, сондай-ақ, «Орталық Азиядағы қаржылық тұрақтылықты нығайту және апаттар қаупін азайтуды жеделдету» тақырыбындағы шетелдік жобаны жүзеге асыруға қатысады.

Гравиметриялық топтардың бақылау нүктесіндегі өлшем бойынша жұмысы

Институт Сейсмологии

Кері
байланыс үшін
қоңыраулар

Лого 2

Институт Сейсмологии

Байланыс құралдары

Адрес: Аль-Фараби, 75А

Қайта қоңырау шалу үшін өтініш қалдырыңыз