Жер сілкінісін кешенді болжау жөніндегі  зертхана

 

 

 

ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ —

геол.-мин. ғыл.кан. Виляев Андрей Викторович

 

 

 

 

Кадрлар ҚҰРАМЫ:

 Физ.-мат.ғыл.канд. Белослюдцев  Олег  Михайлович, бас ғылыми қызметкер,

 физ.-мат.ғыл..канд. Фремд Александр Григорьевич, аға ғылыми қызметкер,

Исағалиева Айгүл Қалиқызы, аға ғылыми қызметкер

Аязбаева Айгүл Бағдатханқызы,ғылыми қызметкер

      Зертхананың ненгізгі  ғылыми зерттеу саласы жер сілкінісі мен сейсмикалық қауіпті болжаудың ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеу болып табылады. Жер сілкінісінің орнын, күші мен  болатын сәтін болжау үш кезеңнен тұрады: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді болжау. Шешім қабылдауды талап ететін, оның ішінде әкімшілік мәселелерді талап ететін жер сілкінісін болжау проблемасының ең маңызды бөлігі болып табылатын қысқа мерзімді болжау саласында негізгі іргелі әдістемелік мәселелер, атап айтқанда, сейсмикалық қауіпті анықтаудың тиімді әдістері толық шешілген жоқ.Өйткені, негізгі іргелі әдістемелік мәселелер, атап айтқанда, геофизикалық өрістердің вариацияларында сейсмикалық болжау әсерлерін анықтаудың тиімді әдістері әзірленбеген. Әлемдік деректерге сәйкес, қысқа мерзімді прекурсорлар көрінісінің негізгі заңдылықтары: жер сілкінісінің күтілетін энергетикалық класының эпицентрлік қашықтыққа, күту уақыты мен геофизикалық өрістердегі анықталған аномалия амплитудасына тәуелділігі ашылған жоқ. Солтүстік Тянь-Шань аймағындағы күшті және апатты жер сілкіністерін болжау бойынша аса маңызды міндетті шешу үшін зертхана геомагниттік өрістерді, Жердің табиғи электр өрісін, табиғи электромагниттік сәулеленуді, аспаптық бақылаулар негізінде жер қыртысының деформацияларын кешенді зерттеулерді жүргізеді. Флюидтік  режимнің параметрлері және сейсмикалықтың космофизикалық және гидрометеорологиялық процестермен байланысы да зерттелуде. Жер бетінің заманауи қозғалысының спутниктік мониторингі және аумақтың бұзылу-блок тектоникасының сызықтық талдауы негізінде орта мерзімді болжам шеңберінде сейсмикалық қауіпті аймақтар анықталды. Жұмыс нәтижелері бойынша апта сайын қысқа мерзімді сейсмикалық жағдай бойынша ұсынымдық сипаттағы Болжамдық қорытынды жасалады. Болжамдық қорытынды шешім қабылдау үшін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне ұсынылады. Ғылыми зерттеулерді дамыту жоспарлары сенімділік деңгейінің жоғарылауымен орта және қысқа мерзімді болжау әдістемесін одан әрі жетілдіруді көздейді. Ол сондай-ақ, болжау әдістерінің кешеніне спутниктік радиолокациялық интерферометрия деректерін тартуды қарастырады. Зертхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының іргелі, гранттық және қолданбалы жобаларын жүзеге асыруға, нәтижелерін жақын және алыс шетелдерде халықаралық конференцияларда жариялауға қатысты. Соңғы 5 жылда отыздан астам ғылыми еңбектер жарық көрді. Зертхана Қырғызстан, Ресей және Қытайдағы мамандандырылған салалық  ұйымдардағы  әріптестермен халықаралық ынтымақтастықты  одан әрі дамытып келеді.

Институт Сейсмологии

Кері
байланыс үшін
қоңыраулар

Лого 2

Институт Сейсмологии

Байланыс құралдары

Адрес: Аль-Фараби, 75А

Қайта қоңырау шалу үшін өтініш қалдырыңыз