Институт туралы
Сейсмология институты Қазақстан Республикасындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы жетекші ұйым болып табылады. Институт Қазақ КСР Үкіметінің және Қазақ КСР Ғылым академиясы Президиумының 1976 жылғы 16 маусымдағы қаулыларымен құрылды.Жұмыс істеген уақыт аралығында мұнда оңтайландыру және ғылыми мәселелерді барынша сәйкестік бағытында шешуде бірқатар құрылымдық өзгерістер жасалынды.
Институттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағы мен халқының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сейсмикалық қауіпті азайту.Сейсмология институтында жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу міндеттері төмендегідей:
Институт құрылымында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін 11 ғылыми-зерттеу зертханалары бар, атап айтқанда:
9.Жер сілкінісін кешенді болжау зертханасы
«Сейсмология институты» ЖШС сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі де, қарқынды жүргізіп жатқан әлемдегі тоғыз елдің қатарындағы осы бағыттағы салалық мекемелердің бірі болып табылады. 2012 жылы Сейсмология институты ТМД-дағы ең үздік ұйымдардың бірі ретінде ЮНЕСКО-да ресми түрде тіркелді.
Институт сейсмология және сейсмикалық қауіпті азайту саласында бірқатар халықаралық ұйымдармен белсенді өзара ынтымақтастық орнатқан.
Халықаралық ынтымақтастық бойынша әлемнің төмендегідей жетекші елдерімен және олардағы халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіледі.Атап айтқанда: «ЮНЕСКО»,«ЛCA», Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Жер сілкінісі жөніндегі әкімшілігі, (ШҰАА, ҚХР),Ресей Федерациясы Ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметі, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанның Сейсмология институттары, Жапонияның Халықаралық сейсмология және сейсмотөзімді құрылыс институты,Ресей Федерациясы ҒА-ның Бішкек қаласындағы геодинамикалық сынақ полигоны – Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы, (ХҒЗО-ГП), «Вулкан» ҒӨК (Мәскеу қ-сы , Ресей Федерациясы), Гельмгольц атындағы Халықаралық геофизика орталығы (Германия), Америка геологиялық қызметі.
Институттың соңғы кезеңдегі Қазақстан Республикасы аумағындағы сейсмикалық қауіпті бағалау қызметінің мейлінше маңызды практикалық нәтижелері төмендегідей :
жаңа әдістемелік негізде (Еврокод 8) Қазақстан аумағын жалпы сейсмикалық зондау карталарының жинағы әзірленді – карталар Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары мен ережелерінің (ҚР ҚНжЕ) міндетті құрамдас бөлігі болып табылады;
Алматы қаласын дамытудың перспективалық жоспарын ескере отырып, жаңа әдістемелік негізде (Еврокод 8) Алматы қаласын сейсмикалық микроаймақтандыру карталарының жинағы әзірленді;
Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарын егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру карталары;
2018-2020 жылдарға арналған «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы сейсмикалық қауіпті аймақтарды кешенді зерттеу» ағымдағы бағдарлама аясында күшті жер сілкіністері кезінде автоматтандырылған ерте хабарлау жүйесін (АЕХЖ) құру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді.AЕХ жүйесінің негізгі мақсаты — қалаға жойқын сейсмикалық S-толқынының жақындап келе жатқаны туралы ерте (бірнеше секунд бұрын) ескерту.
Сейсмология институты Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы сейсмикалық режимді, геофизикалық кен орындарын, жер асты суларының газ-химиялық құрамын үздіксіз аспаптық бақылауды жүзеге асыратын Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (СТӘЭ) жұмысына ғылыми-әдістемелік басшылық жасайды.Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясында (СТӘЭ) алынған барлық ақпарат Институттың жұмысында қолданылады.