Сейсмобиология Зертханасы

 

 

Зертхана меңгерушісі –

 Белла Зияевна Серазетдинова,

биология ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер, доцент

 

    

 

  Зертхананың зерттеу жұмыстарының негізгі ғылыми бағыттары Қазақстан аумағында қысқа мерзімді сейсмикалық болжамдар жасау мақсатында жануарлардың мінез-құлқын және олардың жақындап келе жатқан жер сілкінісі  алдындағы  белсенді  іс-әрекеттерін зерттеу болып табылады.

Зертхананың міндеттері:

 

  • Геофизикалық және биологиялық параметрлер жиынтығы негізінде сейсмикалық биомониторинг жүйесінде жер сілкінісін қысқа мерзімді болжаудың ғылыми негіздерін жасау.
  • Қазақстанның сейсмикалық қауіпті осал аймақтарындағы жануарлардың белсенді іс-әрекеттерін бақылау деректерін өңдеу және талдау технологиясын құру.
  • Күшті жер сілкінісіне дайындық кезінде ақпараттық параметрлерді анықтау және олардың классификациясы.
  • Деректер жиынтығы негізінде болжамдық критерийлерді әзірлеу.

Зерттеу нәтижелері:

    Бұл мәселелерді шешу үшін биополигон құрылды, онда жануарлардың  белсенділігін тәулік бойы бақылау визуалды және автоматтандырылған әдістермен жүзеге асырылады.

5 биостанцияда жануарлардың 10 түрі табиғи жағдайға жақын және террариум жағдайында өмір сүреді. Олардың мінез-құлқындағы  өзгерістеріне  жер сілкінісінің қысқа мерзімді болжамына байланысты күнделікті баға  беріледі.

Сейсмобиологиялық материалдарды  кешенді  түсіндіру нәтижелері  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институты ЖШС-нің жер сілкінісін болжау жөніндегі комиссиясының отырысына шығарылады.

Зертхана қызметкерлерінің сейсмобиология саласындағы білімін жетілдіру үшін Қытай тарапымен жасалған келісімдерге сәйкес  Қытай Халық Республикасының жер сілкінісін болжау саласындағы жетекші ғалымдары мен профессорлары биополигон және биологиялық зерттеулерді ұйымдастыру бойынша оқыту семинарлары мен консультациялар өткізеді.

Сейсмобиология зертханасының мамандары  жер сілкінісін болжау мәселесі  бойынша халықаралық симпозиумдар мен конференциялардың жұмысына, сондай-ақ, Жапония, Қытай және Ресей ғалымдарымен бірлескен зерттеулерге белсенді қатысады. Зертхана ғалымдары сейсмобиология бойынша 200-ден астам ғылыми  еңбек, 4 монография жариялады.

Зертхана қызметкерлерінің тізімі:

Серазетдинова Б.З.- зертхана меңгерушісі

Арифулова И.И — АҒҚ

Ну В.А. –ҒҚ

Суровцева Н.В. – Жоғары санатты инженерс-

Мырқасымова А.С. — 1 санатты инженер

Әміржанова А.Р. — 1 санатты инженер

 

Егер сіз жер сілкінісінің алдында немесе жер сілкіну  кезінде жануарлардың әдеттен тыс әрекеттері мен мінез-құлқына куә болсаңыз, сауалнаманы толтырып, көрсетілген мекенжайларға жіберуіңізді сұраймыз! Құрметпен, сейсмобиология зертханасының ұжымы. Сауалнама

Институт Сейсмологии

Кері
байланыс үшін
қоңыраулар

Лого 2

Институт Сейсмологии

Байланыс құралдары

Қайта қоңырау шалу үшін өтініш қалдырыңыз