Әкімшілік-шаруашылық қызметі
Әкімшілік-шаруашылық қызметі (ӘШҚ) Сейсмология институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Негізгі міндеті – Сейсмология институтын әкімшілік-шаруашылық қызметпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады:
Ғимараттарды, үй-жайларды, ішкі тұрмыстық жүйелерді (сумен, жылумен, электрмен жабдықтау) күтіп ұстау, ағымдағы жөндеуді жоспарлау, бақылау және жүргізу, жиһаздармен, тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз ету, инженерлік-басқару жұмыстарын механикаландыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, өрт қауіпсіздін және іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларды санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес тиісті жағдайын қамтамасыз ету.
ӘШҚ негізгі функциялары:
Үй-жайларды техникалық пайдаланумен байланысты мәселелерді шешу. Жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын бақылау: лифтілер, жарықтандыру, жылыту жүйелері, желдету.
Өрт сөндіру шараларын жүргізу және өрт сөндіру құралдарын жарамды жағдайда ұстау. Өрт қауіпсіздігі мен персоналдың қауіпсіздік шараларын сақтау. Кеңсе қызметтерінің, бөлімдердің, ғимараттар мен жабдықтардың орналасу сызбасын жасау.
Қызмет көрсетуге шарттар жасасу үшін қажетті құжаттарды дайындау; кеңсе тауарларын, қажетті кеңсе материалдарын, тиісті жабдықтарды қабылдау және сақтау; олармен құрылымдық бөлімшелерді қамтамасыз ету.Қызметкерлерді кеңсе тауарларымен және тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету.
Кеңсе тауарларының, шығыс материалдарының және басқа да материалдардың, жабдықтардың шығыстарының есебін жүргізу. Белгіленген есептілікті жүргізу.
Жиһаздың, қосалқы құрал-жабдықтардың сақталуын қадағалау және уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Жұмысты ұйымдастыру және ондағы жай-күйді қадағалау, ішкі безендірілуін, үй-жайлардың, жалпы пайдаланудағы аумақтың,сондай-ақ іргелес аумақтың тазалығы мен абаттандыруды бақылау. Қызметкерлердің жұмыс орындарының жағдайын бақылау. Кеңседегі тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның көлігін ұйымдастыру, шығындарды бақылау.
Негізгі қорлардың (ғимараттар, сумен қамтамасыз ету жүйелерін, ауа құбырлары және басқа да құрылыстар) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, шаруашылық шығындарының сметасын жасауға қатысу. Үй-жайларды жөндеуді ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды жүзеге асыру.