БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

       СЕЙСМОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  АУМАҒЫНДАҒЫ СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУІПТІ БАҒАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕР СІЛКІСІН БОЛЖАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ.

        Сейсмология институты» 2022 жылғы 16-18 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп «Республика аумағындағы сейсмикалық қауіпті бағалаудың және жер сілкінісін болжаудың заманауи әдістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетінін хабарлайды.

        Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: Сейсмикалық қауіпті бағалаудың жаңа әдістері; Сейсмикалық мәліметтерді және жер сілкінісінің болжамын жинау, өңдеу, талдау; Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін бағалау (паспорттау) және нысандарды  сейсмикалық  жағынан күшейту.

       Конференцияның мақсаты: күшті жер сілкінісі қаупіне немесе пайда болуына ғылымның және төтенше жағдайларды жою органдарының жедел назар аударуы ; Сейсмология институтында жүргізілетін ғылыми зерттеулерді танымал ету; Қазақстан мен алыс және жақын шетел ғалымдары арасындағы ғылыми байланыстарды кеңейту және нығайту; ғылыми зерттеулер деңгейін көтеру және сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы жас ғалымдардың, мамандардың ғылыми көкжиектерін кеңейту;

       Конференцияға қатысу үшін ғалымдар, докторанттар, магистранттар, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары мен жоғары оқу орындарының студенттері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ, ТМД елдерінің шетелдік ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлері шақырылады.

          18 маусымда сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жақын маңдағы сейсмологиялық станцияларға және Верненский жер сілкінісінің ошағына барғысы келетіндер үшін экскурсия ұйымдастырылады. Сондай-ақ сейсмикалық қондырғыларды қолдану бойынша практикалық жаттығулар өткізіледі; әртүрлі егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру карталары; жер сілкінісі болжамы туралы айтылады.

          Конференциядан бұрын онда жасалатын баяндамалар жинақталып,жинақ болып шығарылады.Осыған байланысты Ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына күнтізбелік жоспарға сәйкес жасайтын баяндамаларыңызды алдын ала жіберулеріңізді сұраймыз.

          Конференцияның күнтізбелік жоспары:Өтінімдерді қабылдау – 2022 жылғы 30 сәуірге дейін. Материалдарды (баяндамаларды) қабылдау – 2022 жылғы 15 мамырға дейін.Конференцияның жұмыс күндері – 2022 жылғы 16-18 маусым аралығы.Байланыс деректері: Телефон: +7 (707) 049 60 95 –Есенжігітова Елизавета Жакуповна E-mail: seismo_workshopkz2022@mail.ru

         Конференция өтетін орын: Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы, 75 А, Сейсмология институты, 2-қабат, Акт залы.Өткізу тәсілі: онлайн (Zoom платформасы арқылы), оффлайн.

         Жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді (орыс тілінен ағылшын тіліне дәйекті аударма ұсынылады).

                                                                     ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Институт Сейсмологии

Кері
байланыс үшін
қоңыраулар

Лого 2

Институт Сейсмологии

Байланыс құралдары

Адрес: Аль-Фараби, 75А

Қайта қоңырау шалу үшін өтініш қалдырыңыз