Әкімшілік
Директор
Дәулет Әбдужанұлы Сәрсенбаев

Дәулет Әбдужанұлы Сәрсенбаев 2022 жылдың 10 наурызынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі «Сейсмология институты» ЖШС-нің директоры. Сейсмология институты Ғылыми кеңесінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі «СТӘЭ» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі. Төтенше жағдайлар департаменттерінің Орталық Азия елдері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми және оқу орындарында апаттар қаупін азайту, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою салаларында аймақтық ғылыми-техникалық ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесу үшін Орталық Азия елдерінің Төтенше жағдайлар департаменттері басшыларының кеңесі – Аймақтық форумның шешімімен құрылған Төтенше жағдайлар жөніндегі Аймақтық ғылыми-техникалық кеңестің мүшесі. 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін Аймақтану мамандығы бойынша бітірген.2013 жылы Семей қаласындағы «Қайнар» университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Академиялық ұтқырлық жобасы бойынша Қытайдың Lan Zhou қаласындағы Lan Zhou университетінің 2007-2008 жылдарғы халықаралық білім грантының иегері. 2019 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс республикалық оқу-әдістемелік орталығында «Департаменттердің, басқармалардың бастықтары, олардың орынбасарлары» санаты бойынша азаматтық қорғаныс саласында даярлық-оқудан өткені туралы сертификаты бар. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі «Сейсмология институты» ЖШС-інде ғылыми-техникалық және халықаралық жобалар секторының меңгерушісі,«Сейсмология институты» ЖШС директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Қазақ тілімен қатар, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгерген.Үйленген, екі баласы бар. Алматы қаласында күшті жер сілкінісі туралы ерте хабарлау жүйесін енгізудегі жемісті қызметі үшін 2019 жылы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының Алғыс хатымен марапатталған. Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайтуда өзара тығыз ынтымақтастық байланыстағы белсенділігі үшін 2020 жылы осы ведомсволық мекеме басшылығы тарапынан еңбегі тағы да Алғыс хатпен атап өтілген.Еңбектегі белсенділігі және жемісті жұмысы үшін 2021 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Құрмет грамотасын алған.

Нұрсәрсен Болатайұлы Өзбеков
директордың ғылым жөніндегі орынбасары

Директордың ғылым жөніндегі орынбасары-физика-математика ғылымдарының кандидаты Н.Б.Өзбеков іргелі бағдарламалар бойынша ғылыми бағдарламаларды қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды, Сейсмология институтының ғылыми басымдықтарын әзірлейді. Орталық Азия, Ресей, Жапония және Қытай елдерінің сейсмологиялық қызметтерімен өзара халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға жауапты. Сейсмологиялық мониторингке (СТӘЭ) ғылыми-әдістемелік тұрғыдан басшылық жасайды және жер сілкінісін болжау бағытына (орта және қысқа мерзімді болжау) жетекшілік етеді. Институттың Ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары және Болжам комиссиясының төрағасы.

Жағабаев Куат Кенжебаевич
Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары

Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары институттың шаруашылық қызметіне басшылықты, оның ішінде коммуналық қызметтерді және ғимараттарды күтіп ұстау бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуді, ғылыми, қолданбалы және келісім-шарттық жұмыстарды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Турашова Жансая Ерікқызы
Ғылыми хатшы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмология институты» ЖШС-нің ғылыми хатшысы. Басшылар санатына жатады, Сейсмология институтының ғылыми қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді, Ғылыми кеңестің жұмысына, оның есеп беруіне, ғылыми-қолданбалы есептерді дайындауға және АЖ ғылыми-әдістемелік өнімдерін шығаруға жауапты. Зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың перспективалары мен жылдық жоспарлары бойынша ұсыныстар дайындайды. Ғылыми кеңестің жұмыс жоспарларының жобаларын дайындайды, олардың орындалуын және Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылайды. Ғылыми жұмыстарды басып шығару, сондай-ақ ғылыми конференциялар, кеңестер, семинарлар өткізу жоспарларына ұсыныстар дайындайды.

Институт Сейсмологии

Кері
байланыс үшін
қоңыраулар

Лого 2

Институт Сейсмологии

Байланыс құралдары

Адрес: Аль-Фараби, 75А

Қайта қоңырау шалу үшін өтініш қалдырыңыз